Текст
2025 жылғы 13–17 қазан аралығында мектебімізде Мектеп Президентін сайлау аясында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, сыныптастарымен кездесулер, пікірталастар өткізіп, үгіт материалдарын дайындап, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған идеяларымен белсенді бөлісуде.
Іс-шараның мақсаты — көшбасшылық қабілеттерді дамыту, оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру және мектеп өміріне қызығушылықты күшейту.
Барлық оқушылар үміткерлерге сұрақтар қойып, олардың бастамаларымен танысып, дауыс беру күні саналы таңдау жасай алады.
Сайлау нәтижелері көрсетілетін күні-2025 жылғы 18 қазан жарияланады.
Ұйымдастырушы: Оқушылар кеңесі .Мектеп әкімшілігінің қолдауымен.