Текст
Республика күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында мектебімізде «Даналық мектебі» атты дөңгелек үстел өтті. Кештің қадірлі қонақтары —спорт ардагерлері Дьяченко В.А. пен Кидралин Е.А. болды.
Қонақтар оқушыларға өз өмір жолдары, спорттағы жетістіктері, аудандық қызметтегі тәжірибелері мен жергілікті спортшылар жайлы қызықты әңгімелер айтты. Олар жастарға табандылық пен еңбекқорлықтың, патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетті.
Кездесу жылы, достық атмосферада өтті. Оқушылар сұрақтар қойып, спортқа және туған өлке тарихына үлкен қызығушылық танытты.
Бұл дөңгелек үстел жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие сабағы болды.
Ұйымдастырушылар: мектеп әкімшілігі, дене шынықтыру пәні мұғалімдері және оқушылар кеңесі.