Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектептегі әдістемелік қызметті басқаруда бірлестік жетекшілерінің рөлі» тақырыбында семинар

17.11.2025

Бүгін аудан  педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және әдістемелік жұмыстың тиімділігін күшейту мақсатында «Мектептегі әдістемелік қызметті басқаруда бірлестік жетекшілерінің рөлі» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға бірлестік жетекшілері, пән мұғалімдері мен оқу бөлімінің  өкілдері Хапур А. және Мырзабекова А.Б. қатысты. Семинар барысында әдістемелік бірлестік жетекшілерінің мектептегі педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы негізгі міндеттері, кәсіби қолдау көрсету жолдары, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін дамыту тетіктері талқыланды. Сонымен бірге жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік қызметті жоспарлау, сараптау және үйлестірудің заманауи тәсілдері ұсынылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, тиімді практикалық идеялар мен жұмыс формаларын ортаға салды. Семинар аудандық әдістемелік қызметін жетілдіруге және педагогтердің кәсіби өсуіне ықпал еткен мазмұнды шара болды.                                                                                                                                                                 
Біздің мектептің де өкілдері қатысты. "Мектептегі  әдістемелік қызметті басқаруда бірлестік жетекшілерінің рөлі" тақырыбындағы семинарда мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру мен басқаруда бірлестік жетекшілерінің кәсіби рөлін арттыру және тиімді басқару дағдыларын дамыту бағытында тәжірибе алмасқаны үшін  Искакова Роза Шаяхметовнаға, Уналбекова Айгуль Алиаскаровнаға, Семашкина Галина Алексеевнаға, Полтавец Оксана Степановнаға, Пономаренко Вадим Викторовичке, Хаверко Сергей Валерьевичке сертификат берілді.

Просмотров: 68


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст