Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отырар – өркениет ордасы» тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ

18.11.2025

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігіне орай  2025 жылдың 18 күні 7-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Р.Ш. «Отырар – өркениет ордасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларының бірі саналатын Отырар қаласының көне өркениет орталығы ретіндегі маңызын түсіндіру, тарихи деректерді саралай білуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу.
Сабақ барысында мұғалім заманауи оқыту әдістерін тиімді қолданып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды. Топтық жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, дереккөздермен жұмыс, бейнематериалдар көрсету арқылы оқушылар Отырардың тарихы, Әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы мол ақпарат алды.
Оқушылар тақырып бойынша үздік пікірлерін ортаға салып, тарихи тұлғалар мен мәдени мұраларды бағалаудың маңызын түсінді. Сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға, туған жер тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысқан мұғалімдер тарапынан оң пікірлерге ие болды.

/public/files/2025/11/18/181125_205230_whatsapp-video-2025-11-18-at-111634.mp4

Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст