Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасанды интеллект – заманауи білім берудің инновациялық құралы» тақырыбында аудандық семинар

18.11.2025

2025 жылдың  18 жұлдызында аудандық білім бөлімі  ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект – заманауи білім берудің инновациялық құралы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – білім беру процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын тиімді енгізу жолдарын талқылау, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи цифрлық құралдарды қолдану бағытында тәжірибе алмасу.
Шараға аудан мектептерінің  пән мұғалімдері, ІТ мамандары және әдіскерлер қатысты.Біздің мектептен Атшыбай Н.,Бердимурат К.,Кульмаганбетова Д.Д.,Лесничая А.С., Лисовская Е.Г., Чаус А.И. әріптестеріміз өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, оның білім берудегі рөлі, оқыту сапасын арттырудағы тиімділігі кеңінен қарастырылды.Спикерлер заманауи педагогикалық инновациялар, цифрлық ресурстарды қолданудың тиімді жолдары, білім беруде деректерді талдау мен адаптивті оқыту жүйелерін енгізу жөнінде баяндама жасады.Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, білім беру саласында жасанды интеллектті енгізудің болашағы мен артықшылықтарын талқылады. Семинар аудан педагогтарының кәсіби өсуіне, жаңа технологияларды меңгеруіне және тәжірибе алмасуына үлкен ықпал етті.Аудандық семинар өз мақсатына жетіп, мұғалімдердің инновациялық ойлауын қалыптастыруға және заманауи цифрлық білім беру экожүйесін дамытуға үлес қосты.

Просмотров: 29


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст