08.12.2025
2025 жылғы 8 желтоқсанда Шортанды кентінің Мәдениет үйінде 9–11 сынып оқушыларына арналған кеңейтілген кәсіби бағдар беру дәрісі өтті. Іс-шараны Ақмола облысы ПД-ның жеке құрамы ұйымдастырып, жастарды ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері, ІІМ жүйесіндегі білім беру ұйымдарына түсу шарттары, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы қызметке орналасу тәртібі туралы хабардар етуге бағытталды. Кездесуге КММ «№2 жалпы білім беретін мектеп» оқушылары да қатысты.
Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, викторина өткізілді, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызмет бағыттарына арналған көрме ұйымдастырылды.
Өткізілген дәріс жоғары сынып оқушыларының кәсіби даму мүмкіндіктері туралы білімін кеңейтуге және ішкі істер органдары мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.


