Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Егемендік — ел үшін баға жетпес құндылық!» тақырыбындағы дебаттық ойын.

12.12.2025

11 желтоқсан 2025 жылы Шортанды кентіндегі №2 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында «Наш вектор» мектептік дебат клубының мүшелері, 11 «А» сынып оқушылары, «Егемендік — ел үшін баға жетпес игілік!» тақырыбында дебат ойынын өткізді.
🎯Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың мемлекеттік егемендіктің мәні мен қазіргі әлемдегі рөлі туралы түсінігін тереңдету, тәуелсіздіктің құнын бағалай білуге үйрету, сондай-ақ сыни ойлау, дәлелді пікір айту және мәдениетті пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту.
Дебат барысында «Ұсыну» және «Қарсы» топтары егемендіктің құны, оның түрлі модельдері және жаһандану жағдайындағы тиімді шешімдер туралы өз ұстанымдарын талқылады. Пікірталас саяси дербестік, ұлттық бірегейлік, халықаралық интеграция және мемлекеттердің өзара тәуелділігі мәселелерін қамтыды.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз ойларын дәлелді әрі жүйелі түрде жеткізе білді. Өткізілген дебат ойыны Тәуелсіздік күнінің маңызын терең түсінуге және оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

#adal_azamat
#oqu_ministrligi

 

Просмотров: 35


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст