Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5-сынып оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты жиын

05.01.2026

2025 жылдың 12 желтоқсанында «Шортанды кентінің №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып, жас өрендердің өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.
Галстук тағу рәсіміне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдрахманов Жұмабек Сейпелевич, педагогикалық еңбек ардагері Панкова Ольга Николаевна, мектеп директоры Жапаров Даурен Маданиятович, сынып жетекшілері және мектеп Президенті қатысты. Қонақтар оқушыларды маңызды қадамдарымен құттықтап, табыс тілеп, «Жас Ұлан» ұйымының мақсаттары мен құндылықтары туралы түсіндіріп өтті.
Іс-шара соңында 11 «А» сынып оқушылары белсенді өмірлік ұстанымы мен оқу жетістіктері үшін Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының медалімен марапатталды.
Бұл шара өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің, ынталы және жан-жақты дамуға ұмтылатын оқушыларды қолдаудың айқын үлгісі болды.
#adal_azamat
#oqu_agartu_ministrligi

/public/files/2026/1/5/050126_103528_whatsapp-video-2026-01-05-at-093406.mp4

Просмотров: 16

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст