05.01.2026
9–11 сыныптарда «90-жылдар стиліндегі Жаңа жылдық ретро-фестиваль» атты жаңа жылдық кеш өткізілді. Шара қатысушыларға жарқын әсер мен ұмытылмас мерекелік көңіл күй сыйлады.
Оқушылар 90-жылдар сәні мен стилін бейнелейтін киім үлгілерін таңдап, өздерінің шығармашылығы мен қиялын көрсетті. Образдар, музыка және залдың безендірілуі сол кезеңнің атмосферасына толықтай енуге мүмкіндік берді.
Мерекелік кеш көңілді әрі мазмұнды өтті: түрлі ойындар, байқаулар және қызу билер ұйымдастырылды. Қатысушылар бағдарламаның барлық бөлімдеріне белсенді қатысып, өнерлілігін, ұйымшылдығын және көтеріңкі көңіл күйін көрсетті.
#adal_azamat
#oqu_agartu_ministrligi

https://www.instagram.com/reel/DS1WYTigh35/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==