29.12.2025
https://www.instagram.com/p/DS2qswtDBuy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жаңа жыл мерекелерінде пиротехниканы қауіпсіз пайдалану
✅ БОЛАДЫ
✔ Тек сертификатталған пиротехниканы қолдану
✔ Фейерверктерді тек ашық алаңда, далада іске қосу
✔ Өндірушінің нұсқаулығын мұқият оқып, қатаң сақтау
✔ Пиротехниканы 18 жастан асқан адамдардың қолдануы
✔ Бұйымды тегіс әрі тұрақты жерге орнату
✔ Фитильді тұтатқаннан кейін бірден қауіпсіз қашықтыққа кету
❌ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
✖ Пиротехниканы ғимарат ішінде, балкондарда және лоджияларда қолдану
✖ Адамдардың, ғимараттардың, ағаштардың, автокөліктердің жанында іске қосу
✖ Бұйымды қолда ұстау (егер нұсқаулықта рұқсат етілмесе)
✖ Іске қосу кезінде бұйымның үстіне еңкею
✖ Мас күйде пиротехниканы пайдалану
✖ Пиротехникалық бұйымдарды балаларға беру
✖ Жұмыс істемей қалған бұйымды қайта іске қосу
⚠ ЕГЕР АҚАУ БОЛСА
🔸 Бұйымға кемінде 5–10 минут жақындамау
🔸 Қайтадан тұтатуға тырыспау
🔸 Нұсқаулыққа сәйкес жою
🎄 Есте сақтаңыз: қауіпсіздік ережелерін сақтау — көңілді әрі қауіпсіз мерекенің кепілі!
🚑 Жедел медициналық жәрдем — 103
🚒 Өрт сөндіру қызметі — 101
🚓 Полиция — 102
🚨 Бірыңғай төтенше жағдайлар нөмірі — 112
#adal_azamat
#oqu_agartu_ministrligi
