12.01.2026
2026 жылғы 9 қаңтарда «Түнгі қаладағы балалар» атты профилактикалық рейд өткізілді. Рейдке РОВД қызметкерлері, психолог, әлеуметтік педагог, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары және мектептің вожатасы қатысты. Рейд барысында ойын-сауық орындары, қоғамдық орындар, парк, орталық алаң, кафе және адамдар көп жиналатын басқа да орындар қаралды.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен үйден тыс түнгі уақытта болу ережелері, жауапкершілік пен жеке қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме әңгімелер жүргізілді. Рейд құқық бұзушылықтың алдын алуға және балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталды.
🎯 «Түнгі қаладағы балалар» рейдінің мақсаты:
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерсіз түнгі уақытта үйден тыс болуын болдырмау, заң нормаларын түсіндіру және жеке қауіпсіздікке жауапты қарым-қатынас қалыптастыру.
#adal_azamat
#oqu_agartu_ministrligi
https://www.instagram.com/reel/DTTOkxWjMty/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
