Текст
13.01.2026
Іс-шаралар жоспары аясында «Құқықтық сауаттылық апталығы» барысында Шортанды кентінің №2 жалпы білім беретін мектебінің фойесінде оқушылардың құқықтары мен міндеттеріне арналған ақпараттық стенд безендірілді.
Аталған стенд оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ заң нормалары мен қоғамдағы тәртіп ережелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
