Текст
13.01.2026
13 қаңтар күні Шортанды кентінің №2 жалпы білім беретін мектебінде профилактика кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында оқушыларды мектепішілік есептен шығару мәселесі қаралды. Отырыс жұмысына мектеп директоры, КТІ инспекторы, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, психолог, әлеуметтік педагогтар және мектептің вожатыйы қатысты. Талқылау нәтижелері мен ұсынылған материалдарды талдау қорытындысы бойынша комиссияның бірауыздан қабылдаған шешімімен мектеп оқушылары мектепішілік есептен шығарылды.
