15.01.2026
Іс-шаралар жоспарына сәйкес «Құқықтық сауаттылық апталығы» аясында Шортанды кентіндегі КММ «№ 2 жалпы білім беретін мектепте» оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау мақсатында рейд жүргізілді.
Рейдке тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, мектептің медициналық мейірбикесі және вожатая қатысты. Тексеру барысында білім алушылардың сыртқы келбеті қаралып, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жағдайлар анықталып, журналға тиісті жазбалар енгізілді.
Сонымен қатар, оқу сабақтарын жүйелі түрде қалдыру және сабаққа кешігу фактілері бойынша оқушыларға ескертулер жасалып, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
