27.11.2025
«Адал Азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында Шортанды кентінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 10 «А» және 10 «Б» сыныптарының қыздарына арналған «Ерте жүктілік» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шараны мектептің медбикесі Әлкеева М.К. мен вожатая бірлесіп ұйымдастырды.
Әңгімелесудің мақсаты – оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, ерте жүктіліктің қауіптері туралы ақпараттану деңгейін арттыру және саналы таңдау құндылықтарын нығайту.
Кездесу барысында мектеп медбикесі ерте жүктіліктің физиологиялық және психологиялық салдары туралы жан-жақты айтып, репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар берді. Вожатая жеке жауапкершілікке, болашақты жоспарлауға және қолдаушы ортаның маңыздылығына ерекше назар аударды.
Материалды көрнекі түрде қабылдау үшін оқушыларға негізгі деректерді, мамандардың кеңестерін және профилактикалық материалдарды қамтитын тақырыптық презентация көрсетілді.
