Текст
22.01.2026
2026 жылғы 20 қаңтарда «Шортанды кентінің №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 11 «А» сыныбында «Заң мен тәртіп — қазіргі заманның өзектілігі» тақырыбында дебат өтті.
Дебат барысында оқушылар қазіргі қоғамдағы заңдар мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын, жастардың құқықтық мәдениетінің рөлін, сондай-ақ әрбір азаматтың өз іс-әрекетіне жауапкершілігін талқылады. Қатысушылар өз дәлелдерін ұсынып, жеке пікірлерін білдірді, өмірден және нормативтік-құқықтық тәжірибеден мысалдар келтірді.
Үйірме жетекшісі: Гавриш В.А.
#adal_azamat
#oqu_agartu_ministrligi
#заң_мен_тәртіп_ақмола
#законипорядокакмола
