22.01.2026
2026 жылғы 21 қаңтарда «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында «Шортанды кентінің №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің еріктілері мектептің аға тәлімгерімен бірлесіп зейнеткер Гусарова Г.П.-нің үйіне барды. Сапар барысында еріктілер үй шаруасына қолдан келгенше көмек көрсетіп, үйді жылытуға қажетті көмірді тасып, үйіп берді. Қыс мезгілінде мұндай көмек қарт адам үшін ерекше маңызды болып, жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайын жасауға ықпал етеді. Зейнеткер акция қатысушыларына көрсеткен қолдауы, ықыласы мен қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді. Мектеп әкімшілігі еріктілерге белсенді азаматтық ұстанымы, жанашырлығы және жастар арасында өзара көмек, мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
#adal_azamat
#oqu_agartu_ministrligi
#волонтеры
