27.01.2026
2026 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен “Білім-Инновация” Халықаралық қоғамдық қоры арасындағы меморандум аясында, 7-11 (12) сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиада оқушылардың қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ тілінің тарихын үйреніп, білуге ынталандыру, білімдерін жетілдіру мен тереңдету, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Олимпиадаға қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) ауданның барлық мектептерінен 7-11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада 5 бағыт бойынша өткізілді: “Бейнелеушілер”, “Білгірлер бәйгесі”, “Жас қаламгер”, “Сөз шеберлері”, “Әнші-бұлбұлдар” .Біздің мектептен 4 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша: “Әнші-бұлбұлдар” бағытында 9 сынып оқушысы Ткачева Анастасия Гран приге ие болды(жетекші Уналбекова А.А.). “Бейнелеушілер” бағытында І орын – 9 сынып оқушысы Мусинова Диляра (жетекші Уналбекова А.А.) және 7 сынып оқушысы Гоман Доминика ІІІ орын (жетекші Искакова Р.Ш.). “Сөз шеберлері” бағытында 10 сынып оқушысы Загидуллина Рината ІІІ орын (жетекші Сабитова А.О.).
Оқушыларымызды мақтан етеміз!

