Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде қазақ поэзиясының алып тұлғасы, халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай тағылымды әдеби-мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

10.02.2026

Мектебімізде қазақ поэзиясының алып тұлғасы, халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай тағылымды әдеби-мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға Мұқағали поэзиясының терең мәнін таныту, жас ұрпақтың әдебиетке, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ақын мұрасын насихаттау.

Іс- шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көріністер көріп, өлеңдерін мәнерлеп оқыды, ән-жырлар орындалды. Сондай-ақ Мұқағали шығармаларына арналған көрме ұйымдастырылып, қатысушыларға ақынның рухани мұрасы кеңінен таныстырылды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар мен ұстаздар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Мұқағали жыры – мәңгілік, ал оны ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Просмотров: 43


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст