13.02.2026
13 ақпан күні мектебімізде Ауғанстаннан әскерлердің шығарылу күніне арналған және Жас Сарбаз қозғалысының қатарына қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шараның құрметті қонағы — ауған соғысының ардагері Носик В.Ф. жас ұрпаққа өнегелі әңгіме айтып, Отанға адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға сондай-ақ:
✔️ Қорғаныс істері бөлімінің өкілі — Каппасов Н.Т.
✔️ Жастар ресурстық орталығының жетекшісі — Садвакасова А.І.
✔️ Мектеп директоры — Жапаров Д.М.
✔️ Мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы — Кулмагамбетова Д.Д. қатысты.
Салтанатты бөлімде ардагерге мектеп ұжымы атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды. Бұл — ерлік пен батылдыққа көрсетілген құрметтің белгісі.
Жас сарбаздар ант қабылдап, елінің патриоты болуға уәде берді 🇰🇿
Іс-шара жоғары деңгейде, рухы биік жағдайда өтті.
Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі. Отанға қызмет ету — абыройлы міндет!
https://www.instagram.com/reel/DUsuPPxjJoS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DUw_xnBAl5b/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==




