Текст
16.02.2026
Мектеп парламентінің тәрбие жұмысы жоспары аясында 10–13 ақпан аралығында өткен «ChocoDay» тәтті акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында 2–11 сынып оқушылары шоколад жинауға белсенді түрде қатысты. Мектеп фойесіне арнайы қорап қойылып, әрбір қалаған адам өз үлесін қосып, жақсы көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік алды.
16 ақпан күні мектеп парламенті жиналған тәттілерді балаларға таратуды ұйымдастырды. Акция достық пен жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға қуаныш, күлкі және өзара қолдау сезімін сыйлады.
Осындай бастамалар мектеп қауымдастығының бірлігін нығайтуға, бір-біріне деген мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыруға және мектепте жағымды орта құруға ықпал етеді.


