19.02.2026
КММ «Шортанды кентінің №2 жалпы білім беретін мектебінде» 1–11 сынып оқушылары арасында «Қыста құстарға көмектесейік» атты экологиялық акция өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген ұқыпты қарым-қатынасты дамыту және өскелең ұрпақтың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Акция аясында оқушылар ата-аналарымен бірлесіп құстарға арналған жемсауыттар жасады. Жасалған жұмыстар әртүрлі, креативті әрі қолайлы болды. Әрбір қатысушы қыстап қалатын құстарға қамқорлық көрсетуге өз үлесін қосты.
2026 жылғы 19 ақпанда балалар жасаған жемсауыттар мектеп аумағындағы ағаштарға ілінді. Енді құстардың суық мезгілде қоректенетін орындары көбейіп, ал оқушылар өздерінің жасаған игі ісінің нәтижесін күн сайын бақылауға мүмкіндік алды.

Осындай бастамалар экологиялық сананы дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және мектеп қауымдастығын нығайтуға ықпал етеді.