14.03.2026
Мектебімізде 14 наурыз – Көрісу күніне арналған тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін жаңғыртып, адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасатын ерекше мейрамы.
Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін айтты. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, татулық пен бірлікке тәрбиелеу.
Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар арқылы оқушылар ата-баба дәстүрін тереңірек танып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік алды. Мектеп ұжымы алдағы уақытта да халқымыздың салт-дәстүрін насихаттайтын іс-шараларды жалғастыра бермек.
https://www.instagram.com/reel/DV2A_ZuAkrR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DV2Eka6gpvH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==