10.04.2026
Шортанды кенті №2 жалпы білім беретін мектебінде Денсаулық күні аясында оқушылардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- Таңертең барлық сыныптарда таңғы жаттығу өткізілді. Оқушылар дене жаттығуларын қуана орындап, сергектік пен жақсы көңіл күй алды. Бұл шара денсаулықты нығайтуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
- Шортанды ауданы №2 жалпы білім беретін мектебінде Денсаулық күні аясында 0–11 сыныптарға арналған «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты бірыңғай республикалық сабақ өткізілді. Оқушылар ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т.С. Сұлтанғазиевтің бейнеүндеуін тамашалады, мектеп медбикесі дұрыс тамақтану туралы әңгіме өткізіп, ақпараттық парақшалар таратты. Мақсаты – денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
- «Жеңіл атлетикалық марафонға» 1–11 сынып оқушылары белсене қатысты. Қатысушылар төзімділік пен спортқа қызығушылық танытып, салауатты өмір салтын насихаттады және ұжым бірлігін нығайтты.
- Мұғалімдер арасында өткен волейбол жарысы тартысты өтті. Нәтижесінде: 1 орын – «Мұғалім», 2 орын – «Молодость», 3 орын – «Наши». Шара педагогтар арасында салауатты өмір салтын және ұжымдық рухты нығайтты.
- Бастауыш сыныптарда «Көңілді старттар» өткізілді. Оқушылар эстафеталарға қатысып, ептілік пен жылдамдық көрсетті. Шара балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, көңілді атмосферада өтті.
- 1–11 сыныптарда «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларға денсаулықты сақтау жолдары түсіндірілді. Мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- 2–6 сыныптарда «Би жаттығуы» флешмобы өткізілді. Оқушылар музыка ырғағымен жаттығу жасап, белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Шара салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
- Шортанды кенті №2 мектеп пен Бозайғыр ауылы мектебінің 6–8 сынып оқушылары арасында спорттық кездесу өтті. Ойын достық пен әділ бәсеке рухында өтіп, біздің команда 1 орын алды. Шара мектептер арасындағы байланысты нығайтты.
- 3 «А» және 3 «Б» сыныптары арасында «Кіші Олимпиада ойындары» өткізілді. Оқушылар ептілік пен командалық рух көрсетті. Мақсаты – спортқа қызығушылықты арттыру.
- 4 «А» және 4 «Б» сыныптары арасында «Атып түсіру» ойыны өтті. Оқушылар шапшаңдық пен командалық әрекет көрсетті. Шара қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуға бағытталды.





