Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Полиция капитаны К.К. Төлеген және аға лейтенант Т.Р. Темировпен профилактикалық әңгіме

09.04.2026

2026 жылғы 8 сәуірде Шортанды кенті №2 жалпы білім беретін мектебінде Шортанды ауданы ПБ ЖПҚБ ЖПТ қызметкерлері — полиция капитаны К.К. Төлеген және аға лейтенант Т.Р. Темиров мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында «Жол қозғалысы ережелері 🚦», «Буллинг 🤝», «Лудомания 🎮», «Нашақорлық 🚫» сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің таралуын болдырмау. Кездесу еркін диалог форматында өтті: оқушылар өз сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары өкілдерінен толық жауап алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың ақпараттану деңгейін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 
 
 
Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст