15.04.2026
2026 жылғы 14 сәуірде азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жоспары аясында мектепте «ТЖМ мамандықтары» 🚒 тақырыбында кәсіптік бағдар беру әңгімесі өткізілді.
Іс-шара барысында 9–11 сынып оқушылары Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде ұсынылған мамандықтар туралы, олардың маңызы және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен адам өмірін құтқарудағы маңызды миссиясы туралы бейнероликпен танысты 👨🚒👩🚒 Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы туралы кәсіптік бағдарлық бейнеролик көрсетілді 🎓
АӘД пәні мұғалімі төтенше жағдайларда өрт сөндіргішті қолдану ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді 🧯 Оқушылар мыналар туралы білді:
— өрт сөндіргіштердің қандай түрлері бар және олар қандай жағдайларда қолданылады;
— өрт сөндіргішті қалай дұрыс іске қосу керек (пломбасын алу, чегасын жұлып алу, шлангасын өрт ошағына бағыттау);
— өрт сөндіру кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет ⚠️
Өткізілген іс-шара оқушылардың ТЖМ мамандықтарына қызығушылығын қалыптастыруға және өрт қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал етті 📚✨



