Текст
05.05.2026
Шортанды кентіндегі №2 жалпы білім беретін мектеп КММ-нің 9-сынып оқушылары 🎓 Көкшетау қаласындағы «Жоғары техникалық колледж» МКҚК-нің (Бозайғыр кентіндегі агротехникалық бөлімшесі) «Ашық есік күніне» қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға қабылдау ережелері, дайындық бағыттары және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді 📚 Қатысушылар үшін оқу кабинеттері мен өндірістік алаңдарға экскурсия ұйымдастырылып, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты 🏫⚙️ Сондай-ақ оқушылар шеберлік сыныптарына қатысып, техникалық мамандықтар бойынша жабдықтардың жұмысын көрді 👨🔧 Сапар қорытындысы бойынша қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және колледждегі жағымды, достық атмосфераны атап өтті 🤝



