Текст
05.05.2026
«Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің оқушылары «Театрдың ғажайып әлемі» атты шығармашылық байқауға қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
👏 Байқау қорытындысы бойынша біздің команда І орынды иеленіп, үздік нәтиже көрсетті!
Бұл жеңіс – оқушылардың таланты, еңбегі және ұстаздардың кәсіби қолдауының айқын дәлелі.
✨ Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алда жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!


