Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ      
КГУ «Общеобразовательная школа № 2 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»      

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 28 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес

29.08.2026

«Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «2025–2026 оқу жылындағы педагогикалық ұжым жұмысының қорытындылары және жаңа оқу жылына арналған міндеттер» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.

Отырыс барысында өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижелері талданып, педагогикалық ұжымның жетістіктері мен жетілдіруді қажет ететін бағыттар белгіленді. 2026–2027 оқу жылында білім сапасын арттыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, балалармен жеке жұмыс жүргізуге және педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге ерекше назар аударылатын болды.

Сонымен қатар заманауи білім беру технологияларын енгізу, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, инклюзивті білім беруге жағдай жасау, санитариялық талаптарды сақтау және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Педагогикалық кеңесте мектептің 2026–2027 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, педагогтердің оқу жүктемесі қаралды.

Жаңа оқу жылының негізгі басымдықтары – білім сапасы, педагогтің кәсіби дамуы, баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты және әрбір оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау.

Просмотров: 63


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст