06.09.2022
Жыл сайын 5 қыркүйек күні Қазақстанда тілдер мерекесі атап өтіледі. Бұл мереке – Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мерекесі.
Тіл мерекесіне орай Шортанды кенті №2 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың кепілі» атты Тілдер апталығының салтанатты ашылуы өткізілді. Салтанатты шара жоғары сынып оқушылары мен бастауыш сынып оқушылары арасында жеке-жеке өткізілді.
Осынау тарихи мерекенің еліміз үшін мәні зор, құрметі ерекше. Өйткені, тіл тағдыры - ел тағдыры. Олай болса, тілге құрмет жасау - адамдық борышымыз! Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!